388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы KINOPLEXX кинотеатрында «Жұлдыздар қабырғасы» ашылды

  • 121
  • UPD: 23:05, 08.11.2019

7 Aport Kinoplexx кинотеатрында Голивудтың «Даңқ аллеясы» секілді ерекше арт-нысан ашылды. Белгілі режиссер Нұртас Адамбаевтың жаңа туындысының алғашқы көрсетіліміне орай ашылған Жұлдызды қабырғада режиссердің алақан ізі мен фотосуреттер көрініс тапқан.

Танымал актер және режиссер Нұртас Адамбаевпен кездесуге келген көрермендер  көп болды. Олар арт-нысанның салтанатты ашылуына куә болып, 7 Aport Kinoplexx кинотеатрында режиссердің жаңа туындысы «Аким» картинасын тамашалайды. Киноны жақсы сапада көру үшін кинотеатрда барлық жағдай жасалған.  

Әбдрашид Рахметов,  KINOPARK-KINOPLEXX THEATRES компаниясының  басқарушы директоры:

- Осы фильм кинокасса бойынша бұрынғы рекордтарды жаңалайды деп және де халық оны жақсы қабылдайды деп ойлаймыз. Кинотеатрда бізде жеті зал бар. 1117 орын. Және бұндағы орындықтар өте ыңғайлы, экотерімен әдейі жасалған. Өте комфортты жасалған орындықтар. 

Кино әлеміндегі танымал тұлғаларға арналған Жұлдызды қабырға Алматыда алғаш рет ашылып отыр. Кеш қонақтары Нұртас Адамбаевтың кинотуындысындағы кейіпкерлердің суреттері мен режиссердің алақанының ізі бейнеленген қабырға жанында естелік суретке түсті. Алдағы уақытта осындай арт-нысандар көптеп ашылмақ. 

Нұртас Адамбай, режиссёр, актёр:

- Кинода әртүрлі адамдар, әртүрлі мамандықтар болу керек. Бұл жолы таңдауымыз әкімдерге, шенеуніктерге түсті. Қалада өскен жас жігітке өмірінде аяқ баспаған ауылдың тіршілігінде өмір сүруге тура келеді. Әріптестерім шетелде кино түсіруге әуес болса, маған алыс ауылға барып, өзім өскен ортаны таспаға басқан ұнайды. 

«Аким» деп аталатын жаңа комедиялық туындыны Kinopark және Кinoplexx кинотеатрларынан тамашалауға болады.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы,  Валентин Лобанов

Хабар 24 телеарнасы