387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әзербайжан өкілдері алматылықтарды салт-дәстүрлерімен таныстырды

  • 132
  • UPD: 08:26, 09.11.2019
Әзербайжан өкілдері алматылықтарды салт-дәстүрлерімен таныстырды

Әзербайжан ұлтының өкілдері бүгін Достық үйінде алматылықтарды өздерінің салт-дәстүрімен таныстырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаламгерлердің кітап көрмесінен басталған шара үлкен фестивальге ұласты. Тарихи мәліметтерге сәйкес, аталған этнос Қазақстанға өткен ғасырда жаппай көшірілген. Әзербайжандар қиын сәтте қазақ халқының өзге деп өзекке теппей, өзім деп бауырына басқанын айтады. Қазақ жерінде олар өз тілдері мен дәстүрінен қол үзген жоқ. Шара барысында олар «достық дастарханын» жайып, қонақтарға ұлттық тағамдарын ұсынды. Сондай-ақ шеберлік сағатын өткізіп, аспаздық құпияларымен бөлісті. Әзербайжандардың ежелгі тұрмыс заттарының көрмесі ұлттың тарихынан сыр шертеді.

Асылы Осман, ҚХА мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

– Бұл күнге еркіндік, мүмкіндік берген Елбасымыздың кемел саясаты менен Қазақстанда тұратын барша ұлт өкілінің теңдік бірлігі үшін құрылған ассамблея, ол –біздің тыныштығымыз, достығымыз, ынтымағымыз. Міне, соның арқасында Қазақстанда қаншама ұлт тұрса да, барлығына теңдік берген. Әрбір апта сайын мәдени орталықтардың өздерінің ұлттық құндылықтарын көрсетуге, ұлтық әдеп ғұрпын салтын көрсетуге күн арналған.

Хабар 24 телеарнасы