425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дания тұрғындары Қазақстан мәдениетімен танысты

  • 873
  • UPD: 22:10, 10.11.2019

Копенгагенде алғаш рет Қазақстанның мәдениеті мен әдебиетін таныстыру кеші өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дания тұрғындарының қазақ еліне деген қызығушылығы жоғары. «Limited works» өнер галереясында қазақтардың ұлттық киімі мен тұрмыстық бұйымдары көрмеге қойылды. Сондай-ақ біздің елдің тамаша табиғаты түсірілген ерекше фотосуреттер көрсетілді. Данияда тұратын қазақ суретшісі Дана Молдахметованың туындылары да келушілердің назарына ұсынылды. Шара кезінде тұсау кесу дәстүрі көрсетілді. Қазақ диаспорасының ақсақалдары бүлдіршінге бата беріп, ақ жол тіледі. Дипломаттардың айтуынша, мұндай шаралар ел мен елді жақындастырып, ауызбірлікті нығайтады.

Хабар 24 телеарнасы