386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Е.Максимнің Junior Eurovision-2019 додасына дайындығы қалай?

  • 174
  • UPD: 22:30, 11.11.2019

24 қарашада Польшаның Гливице қаласында өтетін балалар Евровидениесінің басталуына санаулы күн қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Байқауға қатысатын таланттардың жанкүйерлері де бұл күнді асыға күтіп жүр.

Балалар Евровидениесі – бұл ең алдымен ән байқауы. Дегенмен, қатысушылар әннің мағынасын ашатын образ бен қойылымға да үлкен мән беруде.

Ержан Максимнің командасы оның киім үлгісінің қандай болатынын жария етті. Әлемнің бірнеше елі тамашалайтын ауқымды жобада Ержан екі костьюм киіп шығады.

Александр Фломбойм, режиссёр /Украина/:

– Костьюмнің дизайнын киевтік суретші-дизайнер жасады. Бір қиындығы – сахналық киім Алматыда тігіліп жатыр. Себебі, өлшемдер алу үшін Ержанға Алматыға келу тиімді. Дегенмен, дизайнер бізге үлгісін жіберіп, өзі қашықта болса да, киімнің қалай тігіліп жатқанын қадағалап отыр.

Бір біріне ұқсамайтын екі образды Ержан трансформер костьюм арқылы көрсетеді. Бірінші образ ресми үлгіде. «Барқыт, атлас, бәтәс сияқты сапалы маталардан тігілген костьюм сахнада ерекше құлпырады», – дейді шеберлер.

Татьяна Мацуцина, ателье директоры:

– Екінші костьюм – ерекше үлгіде тігілген барқыт қамзол. Дмитрий оны аздап рококо стилінде жасаған, яғни кестеленген. Алайда, ән ұлттық емес, сондықтан кестені аздап қостық. Қамзолдың түсі мемлекетіміздің туымен түстес. Бұл өз елімізге деген құрметті, мақтанышты білдіреді. 

Сахнада Ержанның айналасында қыздар билеп жүреді. Олардың костьюмдерінде де ұлттық нышандар бар. Дегенмен, көрермен назары басты кейіпкер мен ол орындайтын шығармада болады. Халықаралық байқауда Ержан Максимнің орындауындағы «Арманнан қалма!» деп аталатын әнді көрермен 24 қараша күні «Хабар» телеарнасынан көре алады.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Анастасия Вылегжанина, Валентин Лобанов, Эдуард Кон.

Хабар 24 телеарнасы