Бұл фильмнің сатылымға шығатыны жайлы режиссер Ақан Сатаевтың өзі хабарлады.
«Томирис» фильмін дүние жүзіне сату мақсатында американдық «ArcLight Films» компаниясымен келісімге келдік, – деп жазды А.Сатаев өзінің Facebook парақшасында.
Отандық туындының қазақ тіліндегі нұсқасы кинотеатрлардан қазан айының басында көрсетіле бастады.
Фильмді жарыққа шығару үшін шығармашылық топ екі жарым жыл тер төккен.
Фильмге Ерік Жолжақсынов, Байкенже Белбаев, Берік Айтжанов, Еркебұлан Дайыров, Димаш Ахимов, Мұрат Бисенбин, Азамат Сатыбалды, Әділ Ахметов, Айжан Лайджи, Аян Өтепберген, Асылхан Төлепов, Асхат Үрпеков секілді танымал актерлер түскен. Ал басты рөлді Альмира Тұрсын сомдаған.