384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда «Үкілі серуен» байқауы басталды

  • 223
  • UPD: 13:53, 13.11.2019
Талдықорғанда «Үкілі серуен» байқауы басталды

Талдықорғанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақтың ұлттық киімдерін ұлықтауға арналған «Үкілі серуен» байқауы өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы ұйымдастырған бұл іс-шараға барлығы 200-ден астам адам қатысқан. Олардың 80-і ақтық кезеңге жолдама алды. Бұл іс-шараның мақсаты – ұлттық киімдерімізді халыққа насихаттап, оның жаңа үлгілерін заманауи тұрғыдағы этно-стильде көрсету. Қызметте, тұрмыста, мерекеде киетін ұлттық киім үлгілерін тігіп, жаңа бренд қалыптастыру. Жеңімпаз атанған дизайнерлер мен тігіншілерге алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етіледі. Оларға алдағы уақытта жергілікті атқарушы билік пен облыстағы бизнес қауымдастық өкілдері тарапынан қолдау көрсетілетін болады. 

Мәрлен Көлбаев, облыстық мәдениет, архив және құжаттама басқармасының басшысы

– Архив саласының қызметкерлері бүгінде осы киім үлгілерін қолданысқа алып, ұлттық киімді дәріптеу мақсатында арнайы тіктіріп, күнделікті киетін жұмыс киімі ретінде қолданып жатыр. Біз көптеген мекемелерге хат жолдап, киім үлгілерін көрсетіп, олармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Биыл облыс көлемінде өтсе, келесі жылы біз бұл байқауды осы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында республика көлемінде өткізсек деп жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы