427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда дәстүрлі «Ұлы дала елі» форумы өтті

  • 688
  • UPD: 14:13, 13.11.2019
Таразда дәстүрлі «Ұлы дала елі» форумы өтті

Таразда «Ұлы дала елі» үшінші республикалық этномәдени форум өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Іс-шара Қазақстан халқының ұлттық мәдениеті мен ұлттық кодын сақтау бағытындағы жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары мен педагогтардың зерттеушілік шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған. Оған барлық өңірлерден 200-ге тарта ғалымдар, тарихшылар, ұстаздар мен жастар қатысты. Форум барысында қазақ ұлтының қалыптасу дәуірі мен қазақстан аумағында тұрып жатқан ұлт пен ұлыстардың қоныстану тарихы ортаға салынды. Барлық зерттеу жұмыстары оқушылардың деңгейінде көтерілген. «Бұл жастарға жетекшілік еткен мұғалімдердің жұмыс сапасын көрсетеді», – дейді тәжірибелі ғалымдар.

Сейдахан Бақторазов, «Өңіртану» ғылыми зерттеу орталығының директоры:

– Париотизмге негізделген саяси ұғым жастардың санасында қай кезде пайда болады? Олар өздері өсіп-өніп отырған ауылдың, ауданның облыстың тарихын біліп және ата-бабаларының жеткен жетістіктерін ұға білген кезде. Біз балаларымыздың ерлігін, аталарымыз еңбекқорлығын және бүгінгі жастардың сөзден іске көшудің уақытының келгендігін өзіміз де білуіміз керек, жастардың санасына сіңіруіміз де керек.

Хабар 24 телеарнасы