384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде Жамбыл Жабаевқа ескерткіш қойылды

  • 227
  • UPD: 15:19, 14.11.2019
Өскеменде Жамбыл Жабаевқа ескерткіш қойылды

Өскеменде жыр алыбы Жамбылға ескерткіш қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның есімімен аттас саябақ ішінде бой көтерген мүсіннің биіктігі 2,5 метр. Қолына домбырасын ұстаған абыз ақынның асқақ бейнесі бірнеше баспалдақтан тұратын тұғырдан мен мұндалап тұр. Қоладан құйылған туынды авторлары алматылық мүсіншілер Сәрсен Сейітов пен Қазыбек Дулатов. Ескерткіштің ашылу салтанатына қатысқандар арасында Жамбыл Жабаевтың ұрпақтары да болды. Жалпы дүлділ бабамыздың есімі бұл өлкеде кеңінен насихатталып жатыр. Бүгінгі күні өңірде Жамбыл Жабаев атындағы 33 көше, 5 мектеп, 3 елді мекен және бірнеше саябақ бар.

Салтанат Жамбылова, Ж.Жабаевтың немересі:

- Қазақстандық қалаларды айтпағанда, Сербияда қойылды, Анкарада ашылды, Санкт-Петербургте ашылды. Украинада ескерткіш ашылды.Енді Шығыс Қазақстан облысында қойылғаны аяқ асты болды, өздері әріректен ғой, енді жоспарлаған шығар, бірақ әсеріміз шексіз, қуаныштымыз.

Хабар 24 телеарнасы