386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Томирис» фильмі Түркияда кинофестивальдің ашылуында көрсетіледі

  • 174
  • UPD: 16:48, 14.11.2019
«Томирис» фильмі Түркияда кинофестивальдің ашылуында көрсетіледі

Режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» фильмі Түркияның Малатья қаласында 15-19 қараша аралығында өтетін 9-шы Халықаралық Malatya кинофестивалінің ашылу салтанатында көрсетіледі, деп хабарлады Қазақфильм.

Сонымен қатар бұл фестивальде Адай Әбілдиновтың «Күлтегін» толықметражды анимациялық фильмі ұсынылады. Бұл туындыларды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген. «Томирис» фильмінің өндірісіне Sataifilm компаниясы қатысты.

Халықаралық Malatya кинофестивалі Түркияның Мәдениет министрлігі және Малатья қаласының басшылығы қолдауымен ұйымдастырылған. Мәдени іс-шараның мақсаты – әлемнің кәсіби киногерлерін бір алаңда жинау. Биыл фестиваль барысында негізі және конкурстан тыс бағдарламалардың көрсетілімдері ұйымдастырылып, шеберлік сағаттар өткізіледі.

Ақан   Сатаевтың «Томирис» фильмі біздің заманымызға дейінгі VI ғасырда болған оқиғаны суреттейді. Фильмде кішкентай қыздан айбынды жауынгерге айналған, жақындарынан айрылып, сатқындардан өшін алған және сақ тайпаларын өз билігі астында біріктірген ұлы даланың аты аңызға айналған Томирис патшайымының тағдыры баяндалады.  Ол махаббат пен өз халқының тәуелсіздігі үшін сол замандағы ең қияметті соғыста Парсы империясының патшасы Кирмен шайқасады.

Ал «Күлтегін» тарихи анимациялық туынды көшпенді халықтардың басын біріктіріп, көшпенділердің дәстүрін жалғастырған түрік қағанатының даңқты әскери қолбасшысы Күлтегіннің балалық шағы туралы баяндайды.

Хабар 24 телеарнасы