384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Отандық үш фильм «Алтын глобус» жүлдесіне үміткер

  • 233
  • UPD: 17:30, 14.11.2019
Отандық үш фильм «Алтын глобус» жүлдесіне үміткер

«Алтын глобус» жүлдесінде «Шетелдің үздік фильмі» номинациясына үміткерлердің толық тізімі жарияланды, деп хабарлады Қазақфильмнің баспасөз қызметі.

«Алтын глобус» жүлдесінде «Шетелдің үздік фильмі» номинациясына үміткерлердің толық тізімін жариялады. «Қазақфильмнің» үш фильмі «Алтын глобус» жүлдесіне үміткерлер тізіміне кірді.

Бұл тізімге Ермек Тұрсыновтың «Шыракшы» фильмі, Ақан Сатаевтың «Томирис» тарихи картинасы және Фархат Шәріповтың «Тұлғалық өсу тренингі» драмасы кірді.

Айта кетсек, осы номинация бойынша үміткерлер тізіміне шетел тілінде түсірілген 65 елден 93 фильм кірген. Үстіміздегі жылы 9 желтоқсанда «Алтын глобус» жүлдесіне үміткерлердің қысқа тізімі жарияланатын болады.

Келер жылдың басында отандық прокатқа шығатын «Шырақшы» фильмі  Екінші дүниежүзілік соғысы кезінде неміс қариядан киноаппарат сыйға алған солдат туралы. Соғыстан соң елге оралған ол қартайған шағына дейін ел аралап, киноаппаратпен ескі фильмдерді көрсетумен айналысады.

«Томирис» тарихи фильмі біздің заманымызға дейінгі VI ғасырда болған оқиғаны суреттейді. Фильмде кішкентай қыздан айбынды жауынгерге айналған, сақ тайпаларын өз билігі астында біріктірген ұлы даланың аты аңызға айналған Томирис патшайымының тағдыры баяндалады.

Фархат Шәріповтың «Тұлғалық өсу тренингі» фильмі  қырық жастағы орта жас күйзелісін кешіп жүрген, өмірден ештеңе күтпейтін Қанат есімді банк қызметкері туралы баяндайды. Бір күні бас кейіпкер коуч-тренердің) өмірде табысқа жету және көшбасшы болу жайлы тұлғалық өсу тренингіне қатысады. Көшбасшылықтың қыр-сырын түсініп, біраздан бері көрмеген танысы Даниярды кездестіргенде, оның өмірге деген көзқарасы өзгереді.

«Алтын глобус» жүлдесінің 77-ші марапаттау салтанаты 2020 жылы қаңтардың 5-нен 6-на қараған түні өтеді.

 

Хабар 24 телеарнасы