384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ержан Максим халықаралық байқауға аттанды

  • 207
  • UPD: 17:54, 17.11.2019

Арман қанатындағы әнші. Талантымен көпті тамсандырып жүрген Ержан Максим Польшада өтетін Junior Eurovision халықаралық байқауына аттанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл ән байқауына 19 елдің жас өнерпаздары қатысады. Алматы әуежайында әншіні туған-туыстары мен достары шығарып салды.

Дарынды әнші Ержан Ерболұлын ет-жақын туған-туыстары мен жанкүйерлері әуежайда тағатсыздана күтті. Олар әншіні шығарып салу үшін әуежайға екі сағат бұрын келген. Айта кетейік, бұған дейін Ержан Максим ресейлік ән байқауына қатысып көпке танылған еді.

Бұл жолы ол Eurovision байқауына арнайы ән жаздырды. Жас әнші үшін түрлі сиқырға толы сахналандырылған қойылым әзірленді. Ал Ержанның өзі бұл байқауға тыңғылықты дайынмын дейді. Ол Польшаға жеткен соң күніне 2-3 сағат дайындалмақ.

Ержан Максим, Junior Eurovision 2019 халықаралық ән байқауына қатысушы:

– Маған Диснейдің көбінесе мультфильмдері ұнады. Сондай өлеңдерге ұқсатып жазылды. Енді Junior Eurovision-ға дейін көптеген дайындықтар болады.

Халықаралық байқауда Ержан Максимнің орындауындағы «Арманнан қалма!» деп аталатын әнді көрермен 24 қараша күні «Хабар» телеарнасынан көріп тыңдай алады.

Ербол Максимұлы, әкесі:

– Енді Ержанға сенеміз. Қолынан келгенше өзінің бар талпынысын салады деген ойдамыз. Үміттеміз. Жақсы бір жетістікке жетеді деген ойдамыз. Бір Алла біледі. Бәрі оңынан болсын деп тілейміз.

Авторлары: Алмас Садуақас, Эдуард Кон.

Хабар 24 телеарнасы