418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Димаш әлемдік өнер сайысына қатысады

  • 485
  • UPD: 13:55, 19.11.2019
Димаш әлемдік өнер сайысына қатысады

Токио әуежайында алғаш рет қазақ тілінде хабарлама айтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – күншығыс еліне келген Димаш Құдайбергенге көрсетілген құрмет. Қазақтың жезтаңдай әншісі екі күн бұрын Жапония астанасына барып, кеше жергілікті телеарнаға қазақ тілінде сұқбат берді. Ал бүгін ABU TV Song фестивалінде өнер көрсетпек. Ол ауқымды музыкалық шараға арнайы қонақ ретінде шақырылған. Димаш Құдайбергеннен басқа, беделді телевизиялық фестивальге Түркия, Вьетнам, Оңтүстік Корея, Қытай, Индонезия және үндістандық жұлдыздар да қатыспақ. Еске салсақ, бұл жас әншінің күншығыс еліндегі алғашқы өнер көрсетуі болмақ. Әлемдік өнер сайысы «Хабар» арнасының эфирінен 22 қарашада көрсетіледі.

Хабар 24 телеарнасы