Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 95
378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шетелдік архив қорларында Еуразия тарихынан сыр шертетін мұралар көп

  • 198
  • UPD: 15:29, 20.11.2019
Шетелдік архив қорларында Еуразия тарихынан сыр шертетін мұралар көп

«Архив-2025» жобасына ғалымдарды ғана емес, шетелдегі елшілер мен заңгерлерді де тарту қажет.

Халықаралық ғылыми конференцияға жиналған тарихшылар осылай дейді. Мамандардың айтуынша: «шетелдік архив қорларында Еуразия тарихынан сыр шертетін мұралар көп». Ал, сол мұраның көбіне қол жеткізу қиын. «Себебі, кейбір елдердің талаптары бойынша архивтеріне кіруге рұқсат жоқ», дейді олар. Мысалы көршілес Өзбекстан архивтері шетелдік ғалымдар үшін мүлдем жабық екен. Түркістан генерал губернаторлығы деген ортақ мемлекеттік құрылым болғаны тарихтан белгілі. Осындай ортақ игілікке отандық тарихшылар қол жеткізе алмай отырғандығын айтады. Ғалымдар, бұны халықаралық деңгейде шешу керектігін алға тартты.

Хазіретәлі Тұрсын, тарих ғылымдарының докторы:

- «Архив-2025» жобасының маңызы тәуелсіз тарихи санамызды қалыптастыру үшін, мемлекеттігіміздің идеологиясын негіздеу үшін өте қажет нәрсе. Архив ол біздің өткен тарихымыздың негізгі дәлелі, дәйегі. Сондықтан бұған баса мән беру керек. Қазірге дейін 30 мыңнан астам қор архивтерден жинақталғын. Ал, шетелдік архивтерден табылғандары қаншама. Осы мәселелер өте қиын.

Хабар 24 телеарнасы