423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Парижде бас қосқан 140 елдің мәдениет министрі қандай мәселелерді талқыға салды

  • 726
  • UPD: 14:04, 21.11.2019

Парижде ЮНЕСКО ұйымының бас конференциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы 20 жылда алғаш рет әлемдегі 140 елдің мәдениет министрі бір жерде бас қосты. Конференцияға қатысушылар талқылайтын басты тақырыптардың бірі – ғаламдағы мәдени дамудың болашағы.

Әлемнің тұрақты дамуы мәдениетке байланысты. Экономикалық табыстар, қоғам бірлігі, тіпті инновацияларды ендіру де осы факторға тікелей тәуелді. ЮНЕСКО конференциясында айтылған басты пікір осы. Дегенмен мәдени салаға тиісті көңіл бөлінбей жүр.

Одрэ Азуле, ЮНЕСКО ұйымының бас хатшысы:

– ЮНЕСКО Бас конференция бюджетті арттыру шешімінен басталды. Бұл жерде қаражаттың болуы да маңызды.

Форумға Қазақстан атынан мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова да қатысты. Ол - ЮНЕСКО басшылығымен жеке жүздесу құрметіне ие болған делегаттардың бірі.

Ақтоты Райымқұлова, ҚР мәдениет және спорт министрі:

– Ендігі жылы болатын әл-Фараби атамыз бен Абай атамыздың мәдени шараларына ЮНЕСКО өкілдерін шақырып, мәдениет саласындағы үрдістерді талқыладық.

Форум барысында әр министр өз елінің тәжірибесімен бөлісіп, алға қойған мақсаттарын баяндаған. Алдағы жылдары ескерткіштерді сақтау, мәдени салаға инвестиция құю мен жастарды тартуға көңіл бөлінеді. Бұл басымдықтар 2030 жылға дейінгі ЮНЕСКО-ның даму бағдарламасына кіреді.

Авторлары: Алия Сыздыкова, Бекхан Тепсаев

Хабар 24 телеарнасы