384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәскеуде Қазақстан және Ресей киноөндірісінің өкілдері бас қосты

  • 197
  • UPD: 14:10, 21.11.2019

Олар фильмдер шығару мен прокатта ынтымақтасу жолдарын талқылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елімізде жақын арада заманауи құралдармен жабдықталған жаңа павильондар салынады. «Қазақфильм» киностудиясы өндіріс бөлімін қайта жабдықтап жатыр және көп ұзамай кино түсіретін халықаралық топтарды қабылдауға дайын болады. Кинопродюсерлердің айтуынша, фильмдер түсірілетін аймақтарда жаңа жұмыс орындары құрылып, туризм дамиды.

Дмитрий Кабановский, кинопродюсер:

– Ресейде прокат нарығы үлкен, бірлескен жобалар жасауға болады. Оған қоса бүгінде тіл жағынан ешқандай бөгет жоқ.

Гүлнәр Сәрсенова, ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басшысы:

– Біз қазір бүкіл әлемдегі кинобизнес үшін ашылып жатырмыз. Қазақстан экономикасы үшін бұл алға ілгерілеу және қосымша инвестициялар тарту болмақ.

Хабар 24 телеарнасы