384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» музейі құнды жәдігерлермен толықты

  • 231
Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» музейі құнды жәдігерлермен толықты

Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі тағы да бірқатар құнды тарихи жәдігермен толықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Музейге сый» акциясы аясында тұрғындар осыдан 5-6 мың жыл бұрын тас дәуірінде жасалған жебенің ұшы, 19-ғасырға тән қыш құмыра, жүн түтетін тарақ, аттың тағасы, көне кітаптар мен ескі теңгелерді музей қорына табыс етті. «Бүгінгі технологияның қарыштап дамыған заманында көне заттар күнделікті тұрмысқа қажетсіз болып қалуда. Алайда сол заттардың халқымыздың өткен өмірі мен тарихын зерттеуде, болашақ ұрпақтың өз тарихы мен болмысын тануда қаншалықты маңызы бар екенін ескере бермейміз. Музейге сол үшін халық жадын жандандыратын, мамандардың зерттеуіне арқау болатын, жүздеген, мыңдаған жылдар бұрынғы көне дүниелерді жинақтап жатырмыз», – дейді «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік мұражайының қызметкерлері. Қазіргі таңда музей қорында 24 мы 481 жәдігер бар. Оның ішінде 1 мың 780 дана жәдігер сыйға берілген.

Жаңабай Әбсадық, қала тұрғыны:

– Бұдан 5-6 мың жыл бұрын өмір сүрген адамдардан қалған тастан жасалған жебенің ұшын өткізіп тұрмын. Мұның өте құнды болатын себебі, жаңа тас дәуірі адамзат тарихында өзі жаңа өндірістік эволюция заманы дейді, жебе мен садақтың пайда болу заманы. Жебенің ұшы – сол заманның куәгері. Бұл енді өзімнің жеке коллекциям болған. Көп кісілер сыйға сұраған. Қиман жүрген затым болашақ ұрпаққа аманат болып, тарихтың куәсі болып тұрсын деп, музей қорына өткізіп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы