384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы «Тыраулап ұшқан тырналар» қойылымын тамашалады

  • 205
  • UPD: 22:53, 21.11.2019

Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін «Тыраулап ұшқан тырналар» қойылымын тамашалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Валентин Ежовтың танымал пьесасын халық әртісі, кино және театр режиссері Талғат Теменов сахналады. Қойылымның өзі Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрында өтті. Көрсетілім соңында Елбасы әртістердің шеберлігін жоғары бағалап, театрдың шығармашылық ұжымы алдағы жылы жаңа ғимаратқа көшетінін мәлімдеді.

Хабар 24 телеарнасы