384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда ұмыт қалған ұлттық тағамдар қайта жаңғырды

  • 158
  • UPD: 13:53, 22.11.2019
Қарағандыда ұмыт қалған ұлттық тағамдар қайта жаңғырды

Қарағандыда ұмыт болып бара жатқан ұлттық тағамдардың фестивалі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шараға 15 аспаз қатысып, бар өнерлерін ортаға салды. Әдетте қазақтың асханасы десе, әуелі көз алдымызға ет пен сорпа, бауырсақ пен қымыз келеді. Дегенмен, көшпенділер асының біз білмейтін сан түрі бар екен. Айталық, зерттеушілер мен этнограф ғалымдар қазір қолданыста жоқ тағамның 200-ге жуық түрін тапқан. Фестивальде соның біразы жұртшылық назарына ұсынылды. Көмбе, бүрме қарын, үлпершек, сырбаз, жоңқаның дәмі тіл үйіреді. Ал жергілікті тұрғын Бақытты Қанафина болса, асау қымыз, тілеу көже, ақірім, ашыған, шалап секілді сусынның 7 түрін дайындап әкелген. Тағы бір тартуы – жауынгер тағамы. Ол жұқалап турап, кептірілген жылқы еті мен құрт.

Бақытты Қанафина, аспаз

– Еті сүрлеген, оны тұздаған. Күннің бетіне кептіріп, қақтап, жолға кетіп бара жатқан батырларымыздың әрқайсына қапшыққа салып, қанжығасына байлап берген. Нарыққа шығаруға болады тағам ретінде. Себебі бұны жол жүріп бара жатқанда сатып алсақ та, қолдансақ та, қайнаған суға құртымызды, сүр етімізді салып жіберіп, бұқтырып алып, ішсек, қандай пайдалы.

Хабар 24 телеарнасы