384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада алғаш рет «Коппелия» балеті қойылды 

  • 124
  • UPD: 22:17, 22.11.2019
Елордада алғаш рет «Коппелия» балеті қойылды 

Елордада алғаш рет франциялық композитор Лео Делибтің «Коппелия» балеті қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Премьерасы сонау 19-ғасырда өткен туынды қос ғашықтың арасындағы қызыққа толы хикаяны баяндайды. Спектакльде Коппелиустың партиясын италиялық балетмейстер Луиджи Бонино орындады. Ол басты кейіпкердің бейнесін ұзақ жылдар бойы әлемнің үздік сахналарына алып шығып жүр. Қойылымдағы негізгі партиялар «Астана Опера» театрының жетекші солистері Бақтияр Адамжан мен Әйгерім Бекетаеваға сеніп тапсырылған. Айта кетейік, «Коппелия» – әлемдегі ең беделді театрлардың репертуарына енген шығарма.

Хабар 24 телеарнасы