384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақ киізі Париждегі ерекше экспозицияға қойылды

  • 152
  • UPD: 14:49, 23.11.2019
Қазақ киізі Париждегі ерекше экспозицияға қойылды

Қазақ киізі Париж төрінен орын алды. ЮНЕСКО халықаралық ұйымы ғимараты алдында ерекше экспозиция ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

18 елдің суретшілері халық қолөнер туындыларын индиго бояуы түсінде ұсынған. Көрмеге Қазақстаннан қатысқан Айжан Бекқұлова мен Тамара Қапкызы арнайы көк түсті киіз жасады. Көрме халықтың үлкен қызуғышылығын туғызып, ұйымдастырушылар әлемнің өзге елдерінде де осындай шаралар өткізуді көздеп отыр.

Лиза Нидермайр декоратор:

- Ол барлық елде бар, осы түсті қалай шығарып, матада онымен жұмыс істеуді бәрі біледі. Бұл өз сиқыры бар ерекше түс, аспан мен судың көгі.

Габриеле Детшманн, ЮНЕСКО жанындағы австрия тұрақты комиссиясының мүшесі

- Көшпелі көрме ұйымдастыру ойымызда бар. Қай елдер оны қабылдағысы келетінін білуіміз керек. Ал индигоны барлық жерде табуға болатындықтан, көрме қолөнердің жергілікті дәстүрлерін қамти алады.

Хабар 24 телеарнасы