384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ханбибі Есенқарақызының 10 томдық шығармалар жинағы жарық көрді

  • 165
  • UPD: 20:46, 24.11.2019
Ханбибі Есенқарақызының 10 томдық шығармалар жинағы жарық көрді

Шымкентте ақын Ханбибі Есенқарақызының 10 томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа топтама ақынның 70 жылдық мерейтойына орай жарық көрді. Бұл еңбекке саяси қуғын-сүргін құрбандары мен мәдениет қайраткерлеріне арналған шығармалар енген. Ақын оны жазуға 50 жылын арнаған. Ханбибі Есенқарақызының шығармашылығы шетелде де танымал, сондықтан оны құттықтауға тек Қазақстанның ғана емес, Өзбекстанның, Қырғызстанның және басқа да түркітілдес елдердің зиялы қауым өкілдері келді. Шара соңы шығармашылық кешке ұласты. Сахна төрінен ақынның өлеңдері оқылды, театрландырылған қойылым көрсетілді.

Хабар 24 телеарнасы