384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада Тұңғыш Президент күніне арналған кино апталығы өтеді

  • 166
Елордада Тұңғыш Президент күніне арналған кино апталығы өтеді

Елбасы кітапханасында 26 қарашада сағат 15.00-де Тұңғыш Президент күніне арналған онкүндіктің аясында кино апталығының тұсаукесері өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Кино апталығының ашылу рәсіміне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, белгілі актер, композитор Нұрлан Әлімжанов қатысады.

Игі дәстүрге айналған кино апталығында мектеп оқушыларына, колледж бен жоғары оқу орны студенттеріне, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының магистранттары мен докторанттарына, Ұлттық гвардия қызметкерлеріне «Елбасы жолы» киноэпопеясының «Балалық шағымның аспаны», «От өзен», «Тығырықтан жол тапқан» атты бөлімдері көрсетіледі.

Хабар 24 телеарнасы