384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбелік қылқалам шеберлері Абайдың образын бейнеледі

  • 138
  • UPD: 09:49, 26.11.2019
Ақтөбелік қылқалам шеберлері Абайдың образын бейнеледі

Ақтөбеде кәсіпқой және жас суретшілер шығармашылық акцияға қатысып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қылқалам шеберлері Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай оның образын бейнеледі. Бұл – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы аясында белгіленген тақырып. Арт-акцияға қатысуға оннан астам үміткер ниет танытқан. Суретшілердің туындылары алдағы мереке қарсаңында көрмеге қойылатын болады. Мұндағы мақсат – талант иелерінің басын қосып, өзара байланыс орнату. Сондай-ақ шығармалары арқылы жас буынды шабыттандыру. Қылқалам шеберлерінің жұмысы кейін облыстық өнер музейінің қорына қабылданады.

Айта кетейік, мұндай шара соңғы үш жылдан бері өткізіліп келеді.

Іңкәр Әлібекова, облыстық өнер музейінің ғылыми қызметкері:

- Абай ақынның тек өлеңдерін оқып насихаттау емес, сонымен қатар суретшілердің өздерінің көзқарастарымен бейнелеп, өлеңдерін халыққа жеткізу. Акцияға қатысуға ҚР Суретшілер одағының мүшелері және жас суретшілер де ниет білдіріп, осы жерде сурет салып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы