384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ержан Максим Мәдениет министрімен кездесті

  • 272
  • UPD: 15:56, 27.11.2019

Junior Eurovision 2019 байқауының жеңімпазы Ержан Максим Польшада жеке концертін беруге дайындалып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловамен кездесу кезінде әншінің анасы Гүлмира Әлібек айтты. Ал Ержан байқаудан алған әсерімен бөлісті. Есінде қалған қызықты оқиғаларын айтып берді.

Айта кетейік, Польшаның Гливице қаласында өткен байқауда Ержан екінші орынды иеленді. 19 елдің өнерлі балалары қатысқан додада кәсіби қазылар алқасының шешімімін ол көп дауыс жинаған еді. Алайда онлайн-дауыс беру нәтижесінен кейін поляк қызы бірінші орынға шығып, Ержан екінші орынды алды.

Ақтоты Райымқұлова, ҚР мәдениет және спорт министрі:

– Осындай үлкен дәрежеге жеткен саған мың алғыс. Еліміздегі жанкүйерлердің, өзіңді сүйетін халықтың, мәдениет салысында жүрген аға-апаларыңның, балалардың атынан сізге рақмет айтамыз. Өнерлі, талантты балалар бізде өте көп. Жалпы ата-аналар балаларын тәрбиелеуде күш-қуаттарын салады.

Гүлмира Әлібек, Е.Максимнің анасы:

– Ұйымдастыру жоғары деңгейде болды. Өте ризамыз, ешкімге ешқандай өкпеміз жоқ. Барлығы керемет, тамаша. Ең бастысы, Ержан әнін жоғары деңгейде айтып, жұрттың ризашылығына бөленді. Жұрт тек Ержан деп емес, Қазақстан деп құттықтады.

Хабар 24 телеарнасы