384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қасым-Жомарт Тоқаев Шыңғыс Айтматовтың Музей-үйіне барды

  • 157
  • UPD: 21:44, 27.11.2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Шыңғыс Айтматовтың Музей-үйіне барды

Мемлекет басшысы Қырғызстанға жасаған мемлекеттік сапарының мәдени іс-шаралар бағдарламасы аясында Президент Сооронбай Жээнбековпен бірге қырғыз халқының көрнекті жазушысы Шыңғыс Айтматовтың Музей-үйіне барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан Президенті қаламгердің 22 жыл бойы тұрған үйінде ашылған музейдегі жәдігерлермен танысты. Жазушының әйелімен және баласымен әңгімелесу барысында Қазақстан Президенті Шыңғыс Айтматовпен 1989 жылы Пекинде танысқан сәтін еске алды. Мемлекет басшысына Бішкек қаласында Шыңғыс Айтматов атындағы мәдени орталық ашылатыны туралы айтылды. Экскурсия соңында Мемлекет басшысы Құрметті қонақтар кітабына естелік қолтаңбасын қалдырды.

Хабар 24 телеарнасы