423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

  • 699
ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

Елімізге инвестиция тартуға этно мәдени орталық өкілдері де оң ықпал ете алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы бүгін елордада өткен Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысында айтылды. Ұйым мүшелерінің арасында сырттан қаржы тартып, кәсібін дамытуға ниеттілер көп. Сондықтан білген-түйгендерін ортақ мүдде жолында жұмсауға болады. Осы ретте ассамблеяның 27-сессиясында Елбасы берген тапсырмалардың орындалу барысы баяндалды. Сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудағы Алматы облысының тәжірибесі таныстырылды.

Жансейіт Түймебаев, Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары:

– Қазір этно мәдени бірлестіктерді қоғамдық аккредитациялау жүруде. Оның қорытыныдысына біз талдау жасаймыз. Содан кейін бірлестіктер және аймақтағы тұрғындардың санын ескере отырып, әр облыс пен қалаға квота бөлінетін болады.

Хабар 24 телеарнасы