384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда мереке күні өтетін мәдени іс-шаралар

  • 489
  • UPD: 14:09, 29.11.2019
Нұр-Сұлтанда мереке күні өтетін мәдени іс-шаралар

Алдағы демалыс күндері елордада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған бірқатар мерекелік іс-шара өтеді.

Осы ретте қала тұрғындары мен қонақтары концерттер, спорттық ойындар, көріністер мен шоуларды тамашалай алады, деп жазды қала әкімдігінің сайты.

30 қарашада «Астана» концерт залында «Байдың балалары» әзіл-сықақ концерті өтеді. Кеш сағат 19:00-де басталады.

30 қараша мен 1 желтоқсан аралығында елордалық цирк қала тұрғындары мен қонақтарын мәскеулік «Экстрим» циркінің шоуына шақырады. Қойылым сағат 16:00-де өтеді.

Тағы сондай әсерлі шоуды тамашалау үшін дельфинарийге баруға болады. «Дельфиндер мен Кариб теңізінің қарақшылары» деген жарқын атаумен көріністер 30 қараша мен 2 желтоқсан аралығында өтеді.

Қала тұрғындарына 1 желтоқсанда да мәдени және спорттық бағдарламалар даяр тұр.

Сағат 15:00-де «Астана Опера» театрында «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» концерті өтеді. Екі сағаттан кейін осы жерде «Раймонда» балеті қойылады.

Ал «Астана Балет» театры тұрғындарды ұлттық хореография кешіне шақырып, көрермен көзайымына айналған «Ұлы Дала мұрасы» концерттік бағдарламасын тамашалауға шақырады. Сондай-ақ, көрермендер «Жусан» балетін көріп бағасын бере алады. Оның басталуы сағат 18:00-де.

Сол күні «Қазақстан» ОКЗ-да әлемге әйгілі «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің 10 жылдығына арналған үлкен концерт өтеді. Ансамбль «Карнеги холл» (Нью-Йорк, АҚШ), «Кеннеди орталығы» (Вашингтон, АҚШ), «Концерт хаус» (Берлин, Германия), «Кремлевский дворец» (Мәскеу, Ресей), «Конгресс және фестивальдер сарайы» (Канны, Франция), «Салле Корто» (Париж, Франция) және т.б. атақты концерт залдарында өнер көрсетті.

Ансамбльмен бірге сахнада елордалық филармонияның симфониялық оркестрі, «Astana musical» мемлекеттік театры, Қазақ ұлттық хореография академиясының әртістері, әнші Меруерт Мүсірәлі өнер көрсетеді.

Елордалық театрлар да көрермендерді осы күні бірден үш қойылыммен қуантады. 1 желтоқсан күні сағат 12:00 және 16:00-де қуыршақ театрының әртістері «Ер Төстік» ертегісін көрсетеді. Кешке сағат 18:00-де «Nomad City Hall» сахнасында «Қош, махаббат» спектаклін көруге болады. Ал Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театры сағат 19:00-де басталатын «Шәмші» қойылымына шақырады.

Спортсүйер қауым «Барыс» және «Динамо Минск» командалары арасындағы шайбалы хоккейден матчта комадаларына қолдау көрсете алады. Кездесу ҚХЛ чемпионаты аясында «Барыс Арена» мұз сарайында өтеді. Ойын сағат 17:00-де басталады.

Хабар 24 телеарнасы