378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сыр өңірінде «Әлем таныған тұлға» атты кітап көрмесі ашылды

  • 312
  • UPD: 14:35, 29.11.2019
Сыр өңірінде «Әлем таныған тұлға» атты кітап көрмесі ашылды

Тұңғыш Президент күніне арналған шарада Елбасының көрнекті саясаткерлігі, мемлекетті қалыптастыру мен дамытудағы еңбек жолы кеңінен әспеттелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Ұшқан ұя ұлағаты» деп аталатын 1-бөлімде оқырмандар Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық шағы мен өскен ортасы туралы деректермен танысты. Одан бөлек, «Дәуірдің дара тұлғасы», «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан», «Елбасы және Елорда» атты бөлімдерде бейбіт өмір, қоғамдық келісім, саяси-экономикалық тұрақтылық орнатқан Ұлт көшбасшысына арналған отандық және шетелдік авторлардың жазбалары қойылған. Жалпы кітапхана қорында Тұңғыш Президенттің тәуелсіздікті тұғырлы, егемендікті еңселі ету кезеңдері қамтылған 125 аталым бойынша 900 дана әдебиет бар. Көрмеге келген сырбойылықтар әсіресе, жергілікті публицист жазушы Айтбай Сәулебектің «Құрыш тұлға» кітабы мен «Көш бастаған Елбасы» атты фотоальбомдар жинағына қызығушылық танытты.

Нұржамал Мырзамұратова, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана директоры:

- Бұл тарихи-танымдық кітапта Елбасының әріптестері, замандастары мен үзеңгілес достарының естеліктері мен ой-толғаулары топтастырылған. Жалпы біз қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштықты бағалауымыз керек. Бейбіт өмір арқасында рухты жастар тәрбиелеп отырмыз. Тұңғыш Президенттің болмысы мен ерен еңбегі кейінгі ұрпаққа үлгі болуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы