384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Бекзат» телехикаясы «Хабар» арнасынан көрерменге жол тартады

  • 144
  • UPD: 23:09, 29.11.2019

«Бекзат» телеэкраннан көрсетіледі. Небәрі 20 жасында жасындай жарқылдап, Сидней олимпиадасында чемпион атанған боксшы Бекзат Саттарханов туралы ғұмырнамалық телесериал қалың көрерменге алдағы демалыс күндері жол тартпақ. Аз ғұмырында көп естелік қалдырған азамат жайлы танымдық сериал бұған дейін еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетілді.

Фильмдегі басты рөлді жас актер Самат Әзімқұлов сомдады. Ол бокспен бес-ақ жыл айналысып, олимп шыңын бағындырған саңлақ спортшының рөлінде ойнау үлкен жауапкершілік екенін айтады.

Самат Әзімқұлов, актер:

- Бұл фильмге мен бала кезден келдім деймін. Себебі Бекзат ағаның рөлін сомдау менің бала күнгі арманым болатын. Образ жағына келетін болсақ, батыр, өжет, қарапайым, адамгершілікті болу. Ол енді Бекзат ағаның дла бойындағы бар қасиеттер. Солардың бәрін режиссердің айтуы бойынша өзім 80-90 пайызға алып шықтым деп ойлаймын.

«Хабар» агенттігі тапсырысымен түсірілген  телесериалда - жасындай жарқ еткен спортшының жетістіктері мен сол кезеңдегі ел өмірі қатар өрбиді. Санаулы ғұмырындағы қол жеткізген рухты сәттері өскелең ұрпаққа үлгі болмақ. Сериалдың сюжеттік желісіне спортшы өмірінің үш кезеңі қамтылған. Балалық шағы, бозбала кезеңі және өмірінің соңғы сәті бейнеленген. Жалпы телехикаяның басым бөлігі былғары қолғап шеберінің туған жері Түркістан қаласында түсірілді.

Айдос Тұрысбек, «Хабар» арнасының бас продюсері:

- Бекзат Саттархановтай саңлақ спортшымызждың қысқа да болса көпке үлгі болған ғибратты ғұрымын көрсеткіміз келді. Мұнда Бекзаттың спортта жеткен жетістіктері, сол дәуірдің 90-жылдардың аяғындағы ел өмірін көрсеткіміз келді. Алғашқы жетістіктері, олимп шыңын бағындырған сәттерін көрсеткіміз келді. Келесі жылы Токио олимпиадасы келе жатыр. Бұл да болса біздің спортшыларымыздың намысын жанып, жігерін қайрайды деп ойаймын.  

Аз ғұмырында көп естелік қалдырған азаматты халқы әлі күнге дейін дәріптейді. Ал алты бөлімнен тұратын сериал алдағы сенбі-жексенбі күндері сағат 16:00-де  «Хабар» телеарнасынан көрсетіледі. 

Авторлары: Айнұр Қуатқызы, Ерлан Наурызбаев

Хабар 24 телеарнасы