384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Димаш Индонезиядан келген жанкүйерімен алғаш рет ән шырқады

  • 205
  • UPD: 11:20, 30.11.2019
DimashDears

Димаш Құдайберген Санкт-Петербургте өткен концертте Индонезиядан келген жанкүйерімен алғаш рет дуэтпен ән шырқады.

Қазақстандық танымал әртіспен бірге жанкүйер «Ұмытылмас күн» әнін орындады.

Айрықша даусымен әлем жұртшылығын тамсандырған Димаш Құдайберген Индонезиядан келген жанкүйерімен дуэтте алғаш рет ән шырқады. 29 қараша күні Санкт-Петербургтегі концертте Димаш Орал Байсеңгірдің сөзіне жазылған өз туындысы «Ұмытылмас күн» әнін Римар есімді индонезиялық фанатымен бірге орындады.

Естеріңізге сала кетейік, мұның алдында Димаш өзінің «Ұмытылмас күн» деген әнін қыз жанды даусымен орындап, әлеуметтік желілерде жариялаған болатын. 

«Мен алғаш рет 2017 жылы Димашты Adagio әнін орындаған кезде көрдім. Содан бері мен оның жанкүйерімін. Димаш мені ерекше шабыттандырады. Оның әндері жанымды өзгеше күйге бөлейді. Мен Димашқа хат жолдап, Санкт-Петербургтегі концертіне барғым келетінім туралы жаздым, жауап ретінде мен онымен сахнада ән айтуға ұсыныс алдым. Біз бірге репетиция өткізген жоқпыз және импровизация жасай алатынымыз әбден мүмкін еді. Бір-екі күн бұрын ғана орындайтын әнімізді таңдадық. Бұл менің өмірімдегі алғашқы үлкен сахна. Мен қатты қобалжулымын. Десе де, өзімнің кумиріммен бір сахнада ән саламын деген ой маған сенімділік пен шабыт берді», – дейді индонезиялық ару.

Римардың үлкен аудиторияның алдында толқып, қобалжығанына қарамастан, аты аңызға айналған әншімен дуэті тамаша болды, ал залдағы бүкіл көрермен бұл әнді қосылып шырқады.

Ақпарат көзі: dimashnews.com

Хабар 24 телеарнасы