384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда «Мұрағат – тарих қазынасы» атты көрме ашылды

  • 137
  • UPD: 22:47, 30.11.2019

Таразда Тұңғыш Президент күні мен Жамбыл облысының 80 жылдығына арналған көрме ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда аймақтағы тарихи сәттерді бейнелеген 100-ге жуық фотосурет пен тарихи құжаттар тұр. Сондай- ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың өңірге жұмыс сапарларына арналған жеке стенд, Отан соғысы және ауылшаруашылығы, білім, мәдениет салаларындағы жұмысшылардың адал еңбектерін көрсеткен суреттер бар. «Мұрағат – тарих қазынасы» атты көрме жыл соңына дейін жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы