384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық моделі халықаралық сарапшылардың жоғары бағасына ие

  • 180
  • UPD: 20:21, 01.12.2019

 

Түрлі ұлт пен ұлысты ұйыстырған Ассамблеяны қазір талай ел үлгі етеді.

1992 жылы Өскеменде осы ұйымның алғашқы достық үйі құрылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның ашылу салтанатына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қатысқан еді.

Қазақстандағы алғашқы достық үйі 9 этно мәдени орталықтың басын қосты. Қазір олардың саны 22-ге жетті. Мәселен, неміс фольклорлік тобы кез келген мерекелік іс шараның басы-қасында жүреді. «Әр ұлт бір отбасыдай өмір сүреді», - дейді өнер ұжымының жетекшісі Лидия Ротт.

Лидия Ротт, неміс этномәдени орталығының өкілі:

– Біз бәріміз доспыз. Бір-бірімізбен араласып, жақындай болып кеттік. Әр мерекені бірге тойлаймыз. Салт-дәстүрімізді дәріптейміз. Барлық іс шара достық үйінде өтеді.

Өскемендік этно мәдени ұйымдардың мүшелері Қазақстандағы достық пен бірлікті еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен байланыстырады. Қаладағы алғашқы достық үйін 27 жыл бұрын Ұлт көшбасшысы ашып берген. Оның игі тілегі жазылған кітап қазір мұражайда тұр. Тәуелсіздік жылдары облыста тағы 13 достық үйі салынды.

Алма Үсенова, Курчатов қалалық достық үйінің өкілі:

– «Рухани жаңғыру» біздің ұлттық көнеріп кеткен ұмытыла салт-дәстүрлерімізді қайтадан қалпына келтіріп, қайтадан жаңғыртып жатқан орталықпыз. Орыс, украин, татар, қазақ ұлттық орталықтарымыз бар. Ансамбльдеріміз де бар.

Олардың мақсаты атадан балаға мирас болып қалған мәдени мұраны сақтап қалу ғана емес. 

Жанар Алқанова, Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы директорының орынбасары:

– Қазір қоғамдық институттардың жұмысымен де айналысады. Мысалы, медиация. Бұл әр түрлі даудалды шешу, қоғамдық келісім орталығы, аналар кеңесі, журналистер клубы сияқты. Және биылдан бастап «Нұр Отан» партиясымен бірлесе отырып «Ардагерлерді ардақтайық» жобасының аясында «Белсенді, ұзақ өмір сүру» орталығы ашылды.

Береке-бірліктің діңгегіне айналған Ассамблеяның қоғамдағы рөлі жыл сайын артып барады. Тұңғыш Президенттің бастамасымен құрылған институт – Қазақстан халқын бір шаңырақ астына ұйыстырды.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Әнел Есенбердина

Хабар 24 телеарнасы