384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде «Еуразия халықтарының ұлы қоныс аударуы» атты халықаралық конференция өтті

  • 112
  • UPD: 09:32, 02.12.2019
Ресейде «Еуразия халықтарының ұлы қоныс аударуы» атты халықаралық конференция өтті

Ресейде «Еуразия халықтарының ұлы қоныс аударуы» атты тақырыпта халықаралық конференция өтті.

Оны ЮНЕСКО мен Алматы Мәдениет қоры мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық онжылдығы аясында ұйымдастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Іс-шараға халықаралық ұйымдардың өкілдері, көршілес екі елдің ғылыми және академиялық топтары қатысты. Халықтар достығы университеті алаңына жиналған ғалымдар III-IV ғасырлардағы Жібек жолы бойындағы халықтардың ұлы қоныс аударуы мәселелерін талқылады.

Олжас Сүлейменов, ЮНЕСКО қамқорлығымен мәдениеттерді жақындастыру орталығының жетекшісі:

- Халықтар достығы – бұл мәдениеттердің жақындасуының нәтижесі. Сондықтан біз түрлі мәдениеттердің өзара әрекеттесуі процесімен айналысып келеміз. Себебі тек осы бағыт қана жер бетіндегі бейбітшілік пен тыныштықты қамтамасыз ете алады.

Хабар 24 телеарнасы