384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Димаш Құдайберген Мәскеуде ән кешін өткізеді

  • 241
  • UPD: 09:33, 04.12.2019
Димаш Құдайберген Мәскеуде ән кешін өткізеді

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген наурыз айында Мәскеуде екінші рет жеке концертін өткізеді.

«Қымбатты достар! Сіздерді 2020 жылы 9 наурызда Мәскеудің «Мегаспорт» аренасында өтетін өзімнің концертіме шақырамын. Көңілді, креативті және сезімге толы концерт болады. Сіздерді көктемнің алғашқы мерекелік күндері Мәскеуде болатын өзімнің шоу-концертімде күтемін», –  деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Айта кетсек, Димаш биыл 22 наурызда Мәскеудің Кремль сарайында ән кешін өткізген еді.

Хабар 24 телеарнасы