384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ержан Максим БҚО әкімінің қабылдауында болды

  • 86
  • UPD: 14:46, 04.12.2019

Жас әнші Ержан Максимнің осы айдағы әр күні түрлі шараға толы. Балғын талант әуелі Бакуде өтетін халықаралық фестивальге қатысады, одан соң Лондонда және Ташкентте өтетін концерттерде ән салмақ.

Ал келер жылдың наурызында Польшада және туған жері Орал шаһарында шілдеде жеке концертін қоймақшы. Өз жоспарларымен  Ержан Максим Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевтің қабылдауында болған кезде бөлісті. Өңір басшысы Ержанды «Джуниор еуровижн» байқауында сәтті өнер көрсетуімен құттықтап, соңғы үлгідегі ноутбукты тарту етті. Жас дарын бүгінде Мәскеу қаласында оқып жатқаны белгілі. Облыс әкімдігі бұл ретте демеушілердің көмегімен оқу ақысын төлеп, арнайы шәкіртақы тағайындапты.

Ғали Есқалиев, облыс әкімі:

- Ержан әрине табиғи дарынынан басқа емін-еркіндігімен, кішіпейілділігімен ерекше бала. Сондықтан алда алар асулар көп әлі. Соның бәрі сәтті өтсін, құтты болсын! Тағы бір байқағанымыз Ержан өзін нағыз жігіт екенін көрсетті. Ресейде де, Польшада да қыздардың жолы жіңішке деп жол беріп жатыр. Енді келесі конкурстарда бірінші орын алатынымыз күмәнсіз.

Гүлмира Әлібек, Ержанның анасы:

- Енді өте ризамыз. Шүкіршілік  айтамыз, осындай дарынды ұл бергеніне. «Ел үміті Ержанда» деп үлкен фильм көрсетіп жатты «Хабар» арнасынан. Сол үмітті ақтады деп ойлаймын. Енді былтыр үлкен дайындықпен ешқандай уақытымыз болмай қалды. Туған жеріне үлкен концерт берсек пе деп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы