430,99 515.14 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Хабар» Агенттігінің басқарма төрағасы Ерлан Бекхожин БМТРК басшылығымен кездесті

  • 621
  • UPD: 15:54, 06.12.2019
«Хабар» Агенттігінің басқарма төрағасы Ерлан Бекхожин БМТРК басшылығымен кездесті

«Хабар» Агенттігі АҚ басқарма төрағасы Ерлан Бекхожин Бүкілресейлік мемлекеттік телерадио хабарларын тарату компаниясының басшылығымен кездесті.

Бүкілресейлік мемлекеттік телерадио хабарларын тарату компаниясының бас директоры Олег Добродеевпен және компанияның бас директорының бірінші орынбасары Андрей Кондрашовпен кездесу барысында медиа ресурстарды дамыту, сапалы контент құру және қызметкерлердің кәсіби дайындығы туралы мәселелер қозғалды.

Сонымен қатар бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі талқыланды.

Бүкілресейлік мемлекеттік телерадио хабарларын тарату компаниясы – ресейлік электрондық бұқаралық ақпарат құралдарының ірі корпорациясы.

Аталған компанияның құрамына «Россия 1», «Россия Культура» арналары, Ресей Федерациясының барлық  аймақтарында хабар тарататын 80-нен астам аймақтық телерадио компания, Ресейдегі алғашқы тәулік бойы ақпарат тарататын «Россия 24» телеарнасы және халықаралық  «РТР-Планета» және «Евроньюс» арнасының орыс тіліндегі нұсқасы, сондай-ақ «Радио России», «Маяк», «Культура», «Вести ФМ» радиостанциялары, ондаған интернет-ресурсты байланыстыратын Ресейдің мемлекеттік «Россия» интернет-арнасы кіреді.

Хабар 24 телеарнасы