375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арнамыздың «Дархан дала» тележобасы үздік атанды

  • 260
  • UPD: 23:38, 06.12.2019

«Хабар 24» телеарнасының «Дархан дала» тележобасы «National Tourism Awards-2019» ұлттық жүлдесін алды.

Бұл жүлде бірнеше номинация бойынша беріледі. Үздік қонақ үйлер мен шипажайлар, туристік операторлар мен демалыс орындары және бұқаралық ақпарат құралдары марапатталады. Үздіктерді іріктеу екі кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңнің жеңімпаздарын арнайы құрылған сараптамалық кеңес анықтаса, екінші кезеңде қазақстандықтар онлайн дауыс беру арқылы таңдау жасады. Байқауға туристік индустриядан 114 өтінім келіп түскен. Бұл шара 2 жыл ішінде сала мамандары үшін диалог алаңына айналды. Ал, «Хабар 24» арнасының «Дархан дала» тележобасы еліміздің әр өңіріндегі қалалар мен облыс орталықтарының тыныс-тіршілігін көрсетеді.

Хабар 24 телеарнасы