429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық стрит-арт шебері Мәскеуде зәулім үйдің біріне ерекше сурет салды

  • 950
  • UPD: 10:15, 08.12.2019

Қазақстандық стрит-арт шебері Мәскеуде зәулім үйдің біріне жәндіктерді бейнелеп, ерекше сурет салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоба стрит-арт фестивалі аясында ұйымдастырылды. Мәскеуліктер үй қабырғаларын бояу өнеріне қандай баға берді?

Дана Нұржан, тілші:

-Мәскеудің Жаңа Трехгорка ауданы әлемдік деңгейдегі өнер алаңына айналды. Мұнда қылқалам шеберлері көп қабатты үйлердің қабырғаларына сурет салды. Бұл әлемдегі ең ірі Mural Fest, яғни ғимарат қабырғаларын сәндеу шарасы. Оған дүниежүзінің 26 елінен 80-ге жуық шебер қатысып, 50-ден астам қабырға безендірілді. Мына алып құмырсқалар қазақстандық суретші Паша Кастың туындысы. Автор бұл шығармасы Мәскеудегі өмірді құмырсқаның илеуіне ұқсатудан туындағанын айтады.

Дмитрий Левочкин, Urban Morphogenesisарт фестивалінің ұйымдастырушысы:

- Паша өз картинасында қарапайым жолмен өзекті мәселені көтерген. Оның туындысына зер салсаңыз, адамдардың тұрмыс-тіршілігін құмырсқаның илеуіне ұқсатуға болады.

Муралдарды салу тәуекелі жоғары әрі шығыны көп жұмыс. Мысалы, 800 шаршы метр болатын қабырғаға 500 литр тегістегіш сұйықтық пен 700 литр бояу керек. Дегенмен, суреттердің тұрғындар көңілінен шыққаны анық.

Блиц 1:

Қазір қызықты болды. Әйтпесе, үйлердің бәрі сұр түсті еді.

Блиц 2:

Мынау өте әдемі. Суреттер жоқта қабырғалар тартымсыз болатын

Қаланың сәнін ашып, таңғажайып көрініс тудырған бұл суреттер көктемге дейін тұрады. Кейін қабырғаларды қайта сырлайтын болады.

Авторлары: Дана Нұржан, Александр Любителев

Хабар 24 телеарнасы