405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық музейде дипломатиялық фотокөрме ашылады

  • 508
  • UPD: 18:28, 09.12.2019
Ұлттық музейде дипломатиялық фотокөрме ашылады

10 желтоқсан күні сағат 12.00-де Біріккен ұлттар ұйымының Қазақстан Республикасындағы жәрдемдестік қауымдастығы ҚР Ұлттық музейінде Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Елдестірмек елшіден» атты дипломатиялық фотокөрмесін ашады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Фотокөрме ҚР Ұлттық музейінің 5 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылып отыр.

Қазақстан халықаралық аренада тұрақтылықтың генераторы, мемлекеттік дамудың серпінді және өркендеуші моделі ретінде жоғары деңгейде қабылданады. Біздің еліміз ядролық қарусыздандыру саласында көшбасшы ретінде және мәдени, діни, өркениеттік пікір алмасуда белсенді модератор деп танылды. Қазақстан қазіргі әлемнің аймақтық және жаһандық мәселелерін шешу бойынша тең құқылы қатысушы ретінде өз үлесін қосып келеді. Сонымен қатар, бүгінде экономика, мәдениет, ақпарат салаларында Қазақстан мен шет мемлекеттер арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамуда.

ҚР Ұлттық музейінің 5 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылатын бұл фотокөрмеге Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері, Морокко, Кувейт, Индия, Корея, Беларусь мемлекеттері арасындағы тарихи кездесу сәтінен түсірілген фотосуреттер қойылады. Және елшіліктер дайындаған бейнероликтер көрсетіледі.

Көрменің салтанатты ашылуына ҚР Сыртқы істер министрі, шетелдік дипломатиялық, елшілік өкілдері мен депутаттар, қоғам қайраткерлері қатысады.

 

Хабар 24 телеарнасы