377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Жайдарман» жастар маусымын қорытындылады

  • 270
  • UPD: 09:33, 10.12.2019
«Жайдарман» жастар маусымын қорытындылады

Маусымның басында жоғарғы лигага 260 команда үміткер болса, оның  24-і іріктеліп алынды. Ал соңғы финалдық ойынға  5 команда жетті. «Элемент Семей», «Фемида Ақтөбе», «Жаңаөзен» , «Боранқұл» және «Грант Орал» командалары өзара бақ сынады.

Жалпы, «Жайдарман» биылғы маусымын жастар жылына арнады. Әр ойында осы тақырып жиі көтерілді. Соңғы ойында да қоғамдағы өзекті мәселелер қозғалды. Бұл жолғы жоғарғы лигада екі чемпион анықталды. Жарыстың жүлдесі «Фемида Ақтөбе» мен їЭлемент Семей»  командаларына бұйырды.

Рамазан Файылов, жоғарғы лига редакторы:

- Тақырыптар өте әртүрлі тақырыптар көтереді. Әркімнің өз стилі бар, жеткізу стилі бар. Негізгі тақырыптар сол тіл, саяси тақырыптар, актуальды тақырыптар, жаңалықтар, спорт. Жалпы, қоғамда не болып жатыр, сол нәрсені көтереді.

 

Хабар 24 телеарнасы