425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Әміре» фильмі Норвегияда көрсетілді

  • 627
  • UPD: 15:41, 11.12.2019
«Әміре» фильмі Норвегияда көрсетілді

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Норвегия Корольдігіндегі Ставангер қаласында режиссер Джефф Веспа түсірген «Әміре» фильмі көрсетілді, деп хабарлады Қазақфильм.

Әнші Әміре Қашаубаевтың өмірінен сыр шертетін кинотуынды Ставангер қаласындағы Odeon Kino кинотеатрында көрсетілді. Бұл мәдени іс-шараны Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Елшілігі және Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы ұйымдастырған.

«Кинотуынды қазақтың тенор дауысты біртуар әншіcі Әміре Қашаубаевтың қамшының сабындай қысқа да, жарқын ғұмырын баяндайды. Ол 1925 жылы Париждегі ЭКСПО көрмесі аясында дүниежүзілік музыка конкурсына қатысып, Еуропа жұршылығына алғаш болып қазақтың дәстүрлі ән орындау өнерін және ұлттық аспап домбыраны паш еткен», - деді көрсетілім алдында ҚР Норвегия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркін Ахинжанов.

«Әміре» фильмі қазақ мәдениетімен жақын танысуға, сондай-ақ ешкімге де белгісіз әрі қызықты жәйттарды білуге мүмкіндік береді. Бұл туынды тілі мен саяси көзқарастарға қарамастан адамдарды байланыстыра алатын музыканың құдыретті күші туралы. Фильмдегі қазақ даласының қайталанбас табиғаты да көркем суреттелген», -  деді норвегиялық көрермен Рон-Эрик Слетвик.

Айта кетсек, Қазақстан күндері аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бейбітшілік кіндігі» кітабының тұсаукесері өтті.

Хабар 24 телеарнасы