378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Домбырашылар шертпе күй тарту мен терме айтудан жарысты

  • 305
  • UPD: 22:53, 11.12.2019

Қарағандыда жиырмадан астам домбырашы қатысқан облыстық фестиваль өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясы Достық үйінде ұйымдастырылған «Сарқылмас қазына» шертпе-күй және жыр-терме байқауында атақты күйшілер мен термешілердің өнерлері ортаға салынды.

Концерттік бағдарлама барысында  көрермендер таңғажайып күй-тартысы, қазақ күйлерінің ежелгі дәстүрлі шығармаларын, домбырашылар жарысын тамашалады. Бұл - фестивальге қатысушылардың барлығы бір уақытта үзіліссіз орындаған күйі, бірегей көрініске ауысып, қазақ халқының сүйікті күйлері көрерменнің жүрегін бірден  жаулап алатынын көрсетті. 

Ерлан Құсайынов, «Қоғамдық келісім» КММ директоры:

- Бұл фестивальға Жанғалы Жүзбай сынды белгілі күйшілермен қатар жас өнерпаздарда қатысып өздерінің өнерін ортаға салатын болады. Кеш барысында тек қана күй емес, ертеден сабақтастығын үзбей жеткен жыр термелерде орындалады. 

Достық үйінде алғаш рет ұйымдастырылып отырған фестиваль дәстүрлі шараға айналмақ. Қазір мұнда Арқаның ақындары мектебі, күй орталығы орналасқан. Жас ұрпақтың ұлттық құндылықты ұлықтап, мақтаныш тұту аға буынның міндеті дейді қатысушылар. 

Балғабек Смағұлов, Тәттімбет оркестрінің күйшісі:

- Біздің арқа жерінде шертпе күй дәстүрі өте дамыған. Отбасымызбен күйшіміз. Жолдасымда, ұлымда Тәттімбет оркестрінде қызмет жасап жатырмыз. Дәстүрімізді әрі қарай жалғастырып жатырмыз. 

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылып отырған «Сарқылмас қазына» фестивалі қазақтың ұлттық туған жерінде жүзеге асырылған шертпе-күй мен жыр-терме саласындағы жаңа серпіліс деп те санауға болады дейді ұйымдастырушылар.

Авторлары: Айнұр Абдиева, Сайлау Игликов

Хабар 24 телеарнасы