375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұрсұлтан Назарбаевқа «Түркі дүниесінің жандану сыйлығы» берілді

  • 288
  • UPD: 11:44, 12.12.2019
Нұрсұлтан Назарбаевқа «Түркі дүниесінің жандану сыйлығы» берілді

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Түркі дүниесінің жандану сыйлығы» берілді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Сыйлықты 1919 жылғы 19 мамырда Түркияның Азаттық алуының 100 жылдығына орай Түркі дүниесі жазушылар және өнерпаздар қоры тағайындаған болатын. Бұл марапат алғаш рет беріліп отыр және оған ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев лайық деп танылды.

Сыйлықты Түркия Парламентінің төрағасы Мұстафа Шентоп Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 28 жылдығына арналған қабылдау кешінде Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлына табыстады.

Хабар 24 телеарнасы