375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәдениет саласының 36 көрнекті өкіліне «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанды

  • 343
  • UPD: 17:18, 12.12.2019
Мәдениет саласының 36 көрнекті өкіліне «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанды

Ақордада сала үздіктеріне мемлекеттік награда табыстау рәсімі өтті.

Бұл шара Тәуелсіздік күні қарсаңында ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен еліміздің әлеуметтік -экономикалық дамуына, мәдениет саласының ілгерілеуіне, халықтар арасындағы достықты нығайтуға елеулі үлес қосқан жандарға мемлекеттік наградалар берілді. Олардың арасында өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті өкілдері, әскери қызметкерлер, құқық қорғау органдарының мамандары, спортшылар, соғыс және еңбек ардагерлері, мәдениет және ғылым қайраткерлері бар. Сала үздіктері «Отан», «Барыс», «Парасат» және «Достық» ордендерін алды. Одан бөлек, мәдениет саласының 36 көрнекті өкіліне «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді.

Айта кетейік, бүгін әріптесіміз Чинар Берсүгірова «Сала үздігі» медалімен марапатталды.

Хабар 24 телеарнасы