376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте Тұрар Рысқұловтың 125 жылдығына орай халықаралық конференция өтті

  • 252
  • UPD: 19:24, 12.12.2019

Биыл еліміз Алаштың ардақты ұлы Тұрар Рысқұловтың 125 жылдық мерейтойын атап өтуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған орай Шымкентте Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен «Қазақ елінің ұмытылмас ұлы тұлғалары» атты халықаралық ғылыми конференцияны өткізді. Салтанатты шараға елімізбен қатар алыс-жақын шет мемлекеттерден ғалымдар мен тарихшылар қатысты. Сондай-ақ конференцияға ұлы тұлғаның Мәскеуде тұратын немересі Владимир Рысқұлов та арнайы келді. Тұрар Рысқұлов Қазақстанның дамуымен қатар Орталық Азия республикаларының, Ресей Федерациясының және Монғолияның экономикалық өсуіне, қарыштап дамуына үлкен үлес қосты. Оның бастамасымен елімізде Түркістан-Сібір яғни Түрксіб теміржолы салынды. Сондай-ақ қуатты өндірістік орталықтар Қарағанды қаласының көмір өндіру және металлургия кешені, Шығыс және Оңтүстік Қазақстанның түсті металлургиясы, Батыс Қазақстанның мұнай-газ саласы өндіріске енгізілді. Қазақстан мен Орта Азия аумағында бүкілодақтық маңызы бар ірі ұлттық қорықтар ұйымдастырылды.

Дария Қожамжарова, М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры:

- Ғылыми конференцияның мақсаты – Тұрардың бейнесіне тағы да бір тоқталу. Мына біздің өнеркәсіп саласындағы қазіргі Қазақстанның негізін салған, ал сонымен қатар Совнаркомда болған, сонымен бірге білім саласына көңіл бөлген. Барлығын қойған кезде жалпы Тұрардың кемеңгер тарихи тұлға екендігін бұл анықтатады білдіреді.

Зауытбек Тұрысбеков, «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» ұйымы төрағасының бірінші орынбасары:

- Бұл кісі қазақты сақтап қалған. 1400 шақырым Түрксібті Сталинмен шешкен. Бұл кісі Әуезовті сақтаған. Тұрар болмаса, Мұхтар жоқ, Мұхтар болмаса, Абай жоқ.

Хабар 24 телеарнасы