447,67 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Журналистер Елбасының Алғыс хатымен марапатталды

  • 406
  • UPD: 15:44, 13.12.2019

Қазақстанның бірқатар журналисті Елбасының Алғыс хатымен марапатталды. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Тwitter парақшасында хабарлады.

«Тәуелсіздік күні қарсаңында елдігімізді нығайтып, егемендігімізді тұғырлы ету жолында аянбай еңбек еткен бір топ журналистер Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғысымен марапатталды. Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!», - деді Айдос Үкібай.

Хабар 24 телеарнасы