423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түрік жанкүйерлері: Димаштың концертін армандаймыз

  • 786
  • UPD: 14:13, 14.12.2019
Түрік жанкүйерлері: Димаштың концертін армандаймыз

Әлемді мойындатып, күні кеше ғана Нью-Йорк қаласында үлкен концертін өткізген Димаш «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанды.

Жоғарғы мемлекеттік наградадан алыс-жақын елдердегі жанкүйерлері де хабардар болды. Осы орайда Анкарада Тәуелсіздік күніне орай өткен шарада әншіге арнап, жанкүйері арнайы гүл шоқтарын алып келді. Хандан Ышыктың бұл Димашқа арнаған алғашқы сыйлығы емес. Ол елдегі Қазақстанға қатысты барлық шараларға қатысып, тартуын тастамайды. Оның бір ғана арманы бар. Димаштың Түркияға келіп, жеке концертін ұйымдастыруы.

Хандан Ышык, Димаштың жанкүйері:

Димаш әлемде теңдесі жоқ әнші. Оның қарапайымдылығын айтсаңшы. Өзіне баурап алады. Дауысы жүректі жаулап алауымен бірге адам рухына күш береді. Димаштың әндерінен кейін басқа музыканы тыңдағың келмейді екен. Жұлдыздың туыстас халықтан шыққаны қандай жақсы. Тезірек осында келсе екен.

Хабар 24 телеарнасы