429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда оқушыларға арналған «Тәуелсіз елдің тарихы» атты көрме ашылды

  • 694
  • UPD: 15:34, 14.12.2019

Қарағанды облыстық бейнелеу өнер мұражайында мерекеге орай  мектеп оқушыларына арналған «Тәуелсіз елдің тарихы» атты көрме ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Музей қорынан бұл көрмеге Тәуелсіздік жылдардағы өңір тынысын айшықтайтын 50-ден астам картина қойылды. Сонымен қатар өскелең ұрпаққа «Тәуелсіздік – тұғырың» атты ашық  сабақ ұйымдастырылды. Бүлдіршіндер Қазақстан территориясында өмір сүрген тайпалық бірлестіктер туралы мәліметпен таныс болды. Оқушылар шара барысында жылнама іспеттес картиналар ұсынылған камералық көрмені тамашалады.

БақтиярМ, қала тұрғыны:

- Осы музейге келгенде мен рахаттанып қалдым. Тәуелсіздік күніне мұнда келіп отырмыз. Біз тақпақ, өлең айтып би биледік. «Көк тудың желбірегені» деген ән айттым. Ол ән Тәуелсіздік күніне арналған. -Тәуелсіздік Қазақстан ол біздің ең күшті мереке болып саналады.

Хабар 24 телеарнасы