418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркия төрінде тұңғыш рет қазақ романсы орындалды

  • 715
  • UPD: 12:30, 16.12.2019

Түркияның Каппадокия өңірінде тұңғыш рет қазақ романсы орындалды. Жергілікті және шет елдік көрермен хакім Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін ерекше ықыласпен тыңдады.

Мемлекеттік академиялық филармониясының Қазақ оркестрі мен «Қорқыт ата» көне аспаптар саз тобының ерекше форматтағы концерті Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған. Шараға Түркиядағы елші Абзал Сапарбекұлы мен жергілікті билік өкілдері қатысып, көрерменге қазақ халқының сәлемін жеткізді. Ал шет елдік тыңдармандар Тұла бойыңды баурап алатын қазақ әуендеріне жоғары баға берді.

Турист, АҚШ азаматы:

- Тарихи жерді аралауға келген едім. Тау ортасында тосын сыйға тап болдым. Әндері бірден баурап алды. Кәсіби оркестр екені көрініп тұр. Сөз жоқ.

Хабар 24 телеарнасы