447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астана опера және балет театрында мерекелік концерт өтті

  • 294
Астана опера және балет театрында мерекелік концерт өтті

«Елім менің аңсаған». Дәл осындай атаумен Астана опера және балет театрында мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Классикалық музыка кешінде жезтаңдай әншілер туған жер жайлы патриоттық әндер шырқап, танымал композиторлардың шығармаларын орындады. Сахна төріне жақында ғана ірі байқаулардың лауреаты атанған жас музыканттар да көтерілді.

Назым Сағынтай, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының солисі:

– Ариялар, итальян, неміс тілдерінде шетелдік шығармаларды тыңдауға болады. Бүгінгі ерекшелік - бұл концертке театрымыздың солистерінен бөлек тағы да Қазақ ұлттық университетінің жас әншілеріміз қатысады.

Хабар 24 телеарнасы